388,70 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мозамбикте тырысқақ дертіне қарсы вакцина егу басталды

  • 523
  • UPD: 12:03, 08.04.2019
Мозамбикте тырысқақ дертіне қарсы вакцина егу басталды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Мозамбикте тырысқақ індетіне қарсы екпе егу шарасын бастады.

Мақсат қауіпті аурудың жаппай таралуының алдын алу. Ұйым өкілдерінің айтуынша, ең алдымен жұқпалы дерт көп тараған Бейра қаласы мен оның маңындағы үш ауданның 900 мың тұрғыны егілмек. Мамандар бұл індетке тосқауыл қоюы тиіс дейді. Айта кетейік, Мозамбикте тырысқақ ауруы наурыз айының ортасында «Идай» дауылынан кейін пайда болды. Себебі дүлей жел мен нөсерден елді мекендерді су басып, санитарлық жағдай нашарлады. Мозамбик, Зимбабве және Малиде қауіпті дерттен 900-ге жуық тұрғын көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы