376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Йеменде Сауд Арабиясының әуе соққысынан 13 адам қаза тапты

  • 107
  • UPD: 12:45, 08.04.2019
Йеменде Сауд Арабиясының әуе соққысынан 13 адам қаза тапты

Йемен астанасы Сана маңында 13 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Сауд Арабиясы бастаған коалицияның әскери әуе күштерінің шабуылынан кейін болды.

Бұған қоса тағы 92 тұрғынның зардап шеккені туралы хабарлануда. Олардың арасында жарылыс болған аумақта орналасқан мектептің оқушы қыздары бар. Ұшақтар тұрғын үй кварталында орналасқан металл жөндеу цехына соққы берген. Салдарынан көрші тұрған ондаған ғимаратқа елеулі нұқсан келтірілді. Ал коалиция аталған шабуылға альянстың әскери әуе күштерінің қатысы бар деген хабарламаны жоққа шығарып отыр.

Хабар 24 телеарнасы