379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливияда әскери қимыл салдарынан 20 адам қаза тапты

  • 111
  • UPD: 14:38, 08.04.2019

Ливияда қарулы қақтығыс салдарынан 20 адам қаза тауып, ондаған тұрғын зардап шекті.

Фельдмаршал Халифа Хафтар басқаратын Ливияның ұлттық армиясы өткен аптада Триполиге шабуыл жасағаннан кейін елдегі ахуал шиеленісе түскен болатын. Әскерилердің мәлімдемелеріне сәйкес, мұндай шара аталған аумақты террористерден босату үшін жасалған. Ал үкіметті қолдаушы күштер қарсы шабуыл ұйымдастыруға тырысып, әуеден соққы жасағанымен сәтсіздікке ұшырады. Қазіргі уақытта Хафтар армиясының бөлімшелері Ливия астанасының оңтүстігіндегі бірнеше қаланы бақылауға алып үлгерді. Осыған байланысты шетелдік компаниялар мен ұйымдар солтүстікфарикалық елден өз қызметкерлерін көшіруді бастап кетті. БҰҰ-да бұл елде тек қажетті қызметкерлерді қалдыруға дайындалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы