389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Техасқа бейсбол добымен мөлшерлес бұршақ жауды

  • 496
  • UPD: 13:22, 08.04.2019
Техасқа бейсбол добымен мөлшерлес бұршақ жауды

АҚШ-тың Техас штатында көлемі бейсбол добындай бұршақ жауды.

Табиғат құбылысын көрген тұрғындар таспаға тартып, фото мен видеоларын жүктеп, ермек тапты. Бұршақтың осыншама ірі болатынына таңқалғандар көп. Кейбірінің диаметрі 20 сантиметрге жеткен. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Синоптиктер болжамына сәйкес, алдағы күндері аумақта арты құйынға ұласуы мүмкін жауын-шашынды және желді ауа райы сақталады.

Хабар 24 телеарнасы