384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда адамдардың өз-өзіне қол жұмсау дерегі азайған

  • 833
  • UPD: 15:26, 08.04.2019

Жапонияның жедел желі телефондары елдегі суицид санын азайтты. Мамандардың айтуынша, адамдарға өздерінің құпияларымен бөлісуге мүмкіндік беру арқылы елде өзіне өзі қол жұмсау көрсеткіші едәуір төмендеген.

Мәселен, ең жоғарғы көрсеткіш тіркелген 2003 жылы 34  мың 427 адам өз еркімен өмірмен қош айтысса, қазір олардың саны 40 пайызға кеміген. Бүгінде жедел желі қызметі үздіксіз жұмыс істеп, 40 ерікті психологиялық көмекке мұқтаж адамдардың қоңырауларына жауап береді. Жалпы Жапонияда өзіне өзі қол жұмсау абыройсыздық пен масқарадан құтылудың құралы болып саналады. Ал оған итермелейтін басты себептер жұмыссыздық, ұзақ қыс мезгілі, жалғыздық және қарыз мәселелері болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы