376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда 2 мың елді мекен су астында қалды

  • 130
Иранда 2 мың елді мекен су астында қалды

Иранда жауған нөсерден кейін тасқын жүріп, 2 мыңға жуық елді мекен су астында қалды.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, табиғи апат 70 адамның өмірін жалмады. «Бұл – он жыл ішіндегі алапат апат» деп бағалап отыр жергілікті мамандар. Жауын-шашын мөлшерінің көп түсуінен 140 өзенде су деңгейі көтерілген, 400 лай көшкіні тіркелді. Салдарынан бірнеше көпір қирап, республикалық маңыздағы оншақты тасжол жабылды. Жүздеген ауылдың орталықпен қатынасы үзілді.

Нөсер жауын 19 наурызда басталған. Сондан бері тыйылмай тұр. Табиғаттың тосын мінезінен әсіресе Лорестан мен Мазандаран провинциясы қатты зардап шекті. Бұл өңірлерде бірнеше ауылды толықтай су шайып кеткен. Тұрғындарын қауіпсіз аймаққа шығару үшін тікұшақтар тартылған. Бүгінге дейін 86 мың адам уақытша баспаналарға көшірілді. Зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы