377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилиялықтар Лула да Силваның түрмеден босатылуын талап етті

  • 113
  • UPD: 23:11, 08.04.2019
Бразилиялықтар Лула да Силваның түрмеден босатылуын талап етті

Бразилияның Куритиба қаласында мыңдаған адам елдің бұрынғы президенті Лула да Силва отырған түрме алдында жиналды.

Осылайша оның жақтастары саясаткерді босатуды талап етті. Былтыр Лула да Силва қомақты мөлшерде ақша жымқырды деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Биылғы жылдың ақпан айында сот жемқорлыққа қатысты оған тағы 13 жыл қосты. Ал бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары айыптардың барлығы қолдан жасалғандығын алға тартады. Олардың пікірінше, қарсы күштер жалған жала жабу арқылы оны саясаттан ығыстырды.

Былтыр тергеу амалдарына байланысты Лула да Силва президенттік сайлауға қатысу мүмкіндігінен айырылған болатын. Ал оның қарсыластары сот үкімін әділ деп тауып, Рио-де-Жанейрода манифестация ұйымдастырған еді. Жемқорлыққа қарсы күрес операциясы кезінде елдің тағы бір бұрынғы президенті Мишел Темердің үстінен қылмстық іс қозғалған. 

Хабар 24 телеарнасы