379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда жануарлар құқығын қорғаушылар тұтқындалды

  • 93
Австралияда жануарлар құқығын қорғаушылар тұтқындалды

Атап айтқанда, тәртіп сақшылары 38 адамды темір торға қамады.

«Доминион» фильмінің бір жылдығына орай белсенділер көшеге шығып, қарсылық танытқан. Себебі, фильмді түсіру кезінде жануарларды азық-түлікті сынау, көңіл-көтеру және ғылыми зерттеу мақсатында қолданған. Құқық қорғаушылар үш штатта бас көтерген. Сондай-ақ Мельбурндегі көшелерді бөгеп, трамвай қозғалысын екі сағатқа тоқтатты. Бұдан бөлек аквариум кіреберісін жауып тастады. Полиция акцияның өтетіні жайлы хабарсыз болғанын айтады. Фермалар мен қасапхана жұмысына кедергі келтіру туралы вегандардың үндеуін елдің премьер-министрі Скотт Моррисон қатаң сынады.

Айта кетерлігі, мамыр айында Австралияда сайлау өтеді. Саяси науқан кезінде шаруалардың даусы зор маңызға ие. Сондықтан жануарлар құқығын қорғайтындардың осындай әрекетін алдын алу мақсатында үкімет тиісті заңды күшейтті. 

Хабар 24 телеарнасы