379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияға бір тәулікте мыңға жуық босқын оралды

  • 87
Сирияға бір тәулікте мыңға жуық босқын оралды

Соңғы тәулік ішінде 950-ден астам босқын Сирияға қайтып оралды.

Мұндай мәліметті сириялық көші-қон орталығы келтіріп отыр. Қақтығыстар кезінде қираған елді мекендерді қалпына келтіру жұмыстары басталған. Мұнда ең алдымен мектептер, жолдар мен медициналық нысандар жөнделіп жатыр. Сондай-ақ Сирияның қарулы күштеріне қарасты инженерлік бөлімшелер жарылғыш заттарды іздеп, оларды дереу жоюға кіріскен. Тек соңғы тәулік ішінде 2,4 гектар жер миналардан тазартылды. Естеріңізге сала кетейік, Сириядағы қарулы қақтығыстар 2011 жыдан бері жалғасып келеді. 2017 жылдың аяғында Сирия мен Ирак аумағындағы Левант және Ирак лаңкестік тобының талқандалғаны жайлы жарияланған еді. Елдің кей бөлігінде содырлармен күрес әлі жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы