379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ мәжілісінде Анджелина Джоли бітімгершіліктің ерекше орнын атап өтті

  • 108
  • UPD: 11:22, 09.04.2019

БҰҰ Бас Ассамблеясының мәжілісінде сөз сөйлеген Анджелина Джоли бітімгершіліктің ерекше орнын атап өтті.

Бүгінде БҰҰ бітімгершілік әскері қатарында қазақстандықтар да бар. 120 сарбазымыз Ливанда қызмет атқарып жүр. Осылайша, еліміз Таяу Шығыста бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге нақты үлесін қосып келеді. БҰҰ ізгі ниет елшісі Анджелина Джоли осы игі іске әйелдерді тартуға шақырған. Оның айтуынша,  жанжалдар кезінде әйелдер мен қыздар әсіресе әлсіз болады. Еске сала кетсек, Қарулы күштеріміздің тарихында алғаш рет нәзік жанды жауынгеріміз Батыс Сахарада референдум ұйымдастыру бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясына қатысып отыр.

Анджелина Джоли, БҰҰ ізгі ниет елшісі:

– БҰҰ бітімгершілік миссиялары – қауіпсіздігі мен негізгі құқықтарына қауіп төнген миллиондаған адамдардың соңғы әрі жалғыз үміті. Бітімгерлер жақсы жабдықталып, дайындалған болуы керек, тәртібі де ең жоғары стандарттарға сай болуы тиіс. Сол себептен осындай кездесулердің маңызы зор.

Хабар 24 телеарнасы