388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Twitter-дің негізін қалаушы 2018 жылы 1,4 доллар жалақы алды

  • 382
  • UPD: 15:51, 09.04.2019
Twitter-дің негізін қалаушы 2018 жылы 1,4 доллар жалақы алды Bloomberg

Twitter компаниясының бас директоры Джек Дорсидің 2018 жылғы жалақысы 1,4 АҚШ долларын құрады.

Бұл жайлы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап Қазақпарат хабарлайды.

Агенттіктің мәліметінше, Дорси төрт жыл бұрын лауазымына қайтып келгеннен кейін алғашқы жалақысын алды. 2015, 2016 және 2017 жылдары «компанияның ұзақмерзімді әлеуеті мен құндылықтарына деген сенімге» ынталана отырып, ол ақшалай сыйақылардан өз еркімен бас тартып келген.

Дүйсенбі күнгі компанияның құжаттамасында жарияланған бұл сома аттас әлеуметтік желідегі 2006 жылы бекітілген хабарламаларға арналған таңбалардың санымен (140 таңба) тең келеді. Бұл лимит 2017 жылы екі рет көтеріліп, 280 таңбаны құрады.

 

Хабар 24 телеарнасы