389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістанда қамауға алынған үндістандық 100 балықшы үйлеріне оралды

  • 258
  • UPD: 09:50, 10.04.2019
Пәкістанда қамауға алынған үндістандық 100 балықшы үйлеріне оралды

Бұл - Исламабадтың Үндістанмен арадағы шиеленісті жағдайы бәсеңдегеннен кейін еркіндіктің белгісі ретінде босатқан 360 тұтқынның алғашқы легі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Десе де, Пәкістан түрмелерінде әлі де 537 үндістандық қамауда отыр. Олардың 483-і балықшы.

Естеріңізде болса, екі ел арасындағы шиеленіс қарауылшы жасаққа жасалған шабуылдан соң өрши түсті. 14 ақпанда Кашмирде пакістандық содырлар автокөлік жарылысын ұйымдастырып, салдарынан үндістандық 40 әскери полицей қаза тапқан еді. Ал 27 ақпан күні Үндістан тарапы террористер базасына әуе соққысын жасаған болатын. Осыған байланысты Пәкістан Үндістанның әскери ұшағын құлатып, ұшқышты қамауға алды, бірақ кейін оны босатқан еді.

Хабар 24 телеарнасы