378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекиядан Солтүстік Македонияға өтпек болған мигранттар кері қайта бастады

  • 89
  • UPD: 09:04, 10.04.2019
Грекиядан Солтүстік Македонияға өтпек болған мигранттар кері қайта бастады

Грекияда полиция тосқауылын бұзып өтіп, Солтүстік Македонияға өтпек болған мигранттар кері қайта бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір келімсектердің басым бөлігі заттарын жинап, босқындарға арналған лагерьге оралуда.

Айта өтсек, өткен демалыс күндері шекарада мигранттар мен полицейлер арасында қақтығыс болды. Салдарынан тас пен бөтелке лақтырған жүздеген босқынға тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданды. Аталған оқиғаның орын алуына әлеуметтік желілердегі мигранттарға шекараның ашылғаны туралы сыбыс себеп болған.

Еске сала кетсек, 2016 жылы балқан елдері босқындар үшін өз шекараларын жапқан еді. Нәтижесінде дамыған Еуропа елдеріне қоныс аударуды армандаған ондаған мың келімсек Грекия аумағында қалып қойды.

Хабар 24 телеарнасы