379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Египетте 2,5 мың жыл бұрынғы 3 мумия табылды

  • 170
  • UPD: 09:30, 10.04.2019
Египетте 2,5 мың жыл бұрынғы 3 мумия табылды

Египет ғалымдары Эль-Минья провинциясындағы мазардан екі жарым мың жыл бұрынғы 3 мумияны тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар біздің заманымызға дейінгі 525 жылғы парсы басқыншылығына дейін билік еткен династия заманына жатады. Археологтардың айтуынша, саркофагтардың бірінде жақсы күйде сақталған мысыр абызының мумиясы бар. Оның денесі матаға оралып, ежелгі құдайы Исида бейнеленген алтын әшекейлермен безендіріліпті. Екінші саркофагтан мойнына көк моншақ тағылған әйел адам сүйегі табылды. Ал соңғысы ер адамға тиесілі екенін анықталды.

Хабар 24 телеарнасы