379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда брекситті кейінге шегеру туралы заң қабылданды

  • 72
  • UPD: 09:48, 10.04.2019
Ұлыбританияда брекситті кейінге шегеру туралы заң қабылданды

Британ парламенті брексит мерзімін кейінге шегеру туралы заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған сәйкес, ел үкіметі Ұлыбританияның одақтан келісімсіз шықпауы үшін Еуроодақтан бөліну мерзімін кейінге шегеру бойынша өтініш жасауға міндеттеледі. Депутаттардың сөзінше, «қатаң брексит» нұсқасымен Еуроодақтан шығу корольдік үшін ауыр соққы болып тиеді. Сондықтан премьер-министр Тереза Мэй Brexit-ті 30 маусымға дейін кейінге қалдыруды сұрап отыр. Ал Брюссель экономикалық шығындар қаупіне қарамастан, Лондонға одақ құрамынан шығуға одан да ұзақ уақыт беруге дайын. Мамандардың айтуынша, бұл процесс тіпті 2020 жылға дейін де созылуы мүмкін. Дей тұрғанмен, ЕО лидерлері бұл мәселеге қатысты Еур кеңес саммитінде өз шешімін шығарады деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы