376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Румынияда Қара теңіз жағалауынан 150 келі кокаин табылды

  • 131
  • UPD: 10:41, 10.04.2019
Румынияда Қара теңіз жағалауынан 150 келі кокаин табылды

Румыниялық полицейлер Қара теңіз жағалауында табылған кокаин партиясы қайдан пайда болғанын анықтап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы мәселеге қатысты ел билігі қандай да бір пакет тауып, ол күдікті көрінген жағдайда дереу хабар беру керектігін ескертіп отыр.

Айта кетелік, иесіз есірткі жайлы алғашқы хабарламалар 5 сәуір күні түсті. Констанца қаласы төңірегіндегі теңіз жағалауына 150 келі кокаин толқынмен жағаға шығып қалған болатын. Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, ол наурыз айында Дунайдағы тастанды қайық ішінен табылған 800 келі есірткінің бір бөлігі.

Хабар 24 телеарнасы