384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде Нетаньяхудың партиясы алда келеді

  • 351
  • UPD: 14:44, 10.04.2019
Израильде Нетаньяхудың партиясы алда келеді regnum.ru

Израильде өткен парламенттік сайлауда премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың «Ликуд» партиясы алда келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірге дейін 2 миллион 700 мың бюллетень саналған. Оның қорытындысы бойынша оңшылдар партиясы 27,59% дауыс жинаған. Ал отставкадағы генерал Бени Ганц бастаған оппозициялық «Кахоль-Лаван» одағы сайлаушылардың 26% қолдауына ие болған. Бірақ бұл қорытынды сайлаудан кейінгі сауалнама негізінде жасалған нәтижеден өзгеше болып тұр. Сондықтан екі партия да жеңіске жеткендерін айтып отыр. Ал жергілікті заңға сәйкес сайлауда көп дауысты иеленген партия үкіметті құрылымдап, оның жетекшісі Премьер-министр болып тағайындалады.

Хабар 24 телеарнасы