388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рио-де-Жанейрода нөсер салдарынан 10 адам мерт болды

  • 329
  • UPD: 14:56, 10.04.2019
Рио-де-Жанейрода нөсер салдарынан 10 адам мерт болды Euronews

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында жауын 20 сағат бойы нөсерлетіп, шаһарды су басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апатынан 10 адам қаза тапты. Нөсерден көлік қатынасы тұралап, байланыс қиындаған. Жауынның шелектеп құйғаны соншалық кей жерлерде су деңгейі адамның белуарына дейін жеткен. Осыған байланысты қалада төтенше жағдай жарияланып, мектептер уақытша жабылған. Қазір шаһардағы барлық коммуналдық қызмет табиғат апатының салдарымен күресіп жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы