378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сауд Арабиясы Йеменді әуеден соққылауды үдетті

  • 126
Сауд Арабиясы Йеменді әуеден соққылауды үдетті

Сауд Арабиясының әскери әуе күштері Йемен астанасына әуеден соққы берді.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, хуситтердің әскери базасы 5 рет атқыланды, сонымен қатар бүлікшілердің екі жүк көлігі жарылды. Ондаған адам ажал құшты. Олардың арасында балалар да бар. Коалицияның көздегені хуситтердің қару-жарақ дайындайтын нысаны болған. Ал жергілікті тұрғындар болса, атыс-шабыс кесірінен бірнеше тұрғын үйдің тас-талқаны шыққанын айтады. Айта кетейік, Йемендегі азаматтық соғысқа 2015 жылдан бері араласып келген Сауд Арабиясының коалициясы хуситтер тобын нысанаға алып, оқтын-оқтын әуеден соққы жасап отырады. Салдарынан мыңдаған бейбіт тұрғын зардап шегуде.

Хабар 24 телеарнасы