384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британ полициясы Джулиан Ассанжты тұтқындады

  • 477
  • UPD: 16:18, 11.04.2019
Британ полициясы Джулиан Ассанжты тұтқындады BBC.com

Ұлыбритания полициясы Лондондағы Эквадор елшілігінде Джулиан Ассанжты тұтқындады.

Скотленд-Ярд сайтының хабарлауынша, Ассанж сотқа дейін орталық Лондондағы полиция бөлімшесінде болады.

Айта кетейік, Ассанж Вестминстерлік магистраттық соттың 2012 жылғы 29 маусымда ордері бойынша сотқа келмегені үшін тұтқындалды.

Бұдан бұрын Эквадор президенті Морено Ассанжға дипломатиялық қорған беруден бас тартқан болатын.

Таяуда ғана WikiLeaks басылымының бас редакторы Кристин Храфнсон баспасөз мәслихаты барысында Эквадор елшілігінде Джулиан Ассанжтың ізіне түскендігін айтқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы