379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ Brexit күнін кейінге шегерді

  • 52
  • UPD: 22:48, 11.04.2019
Еуроодақ Brexit күнін кейінге шегерді

Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу мерзімі қазанның 31-іне дейін шегерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одақ басшыларының шұғыл кездесуі кезінде осындай шешім қабылданды. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, басқосуда ұйымға мүше елдердің бірсыпырасы брекситті 1 жылға дейін созуды қалаған. Өйткені олар брексит келісімін осымен үш рет кері қайтарған Ұлыбританияның қауымдар палатасы мәселені қысқа мерзімде шеше алатынына күмәнмен қарайды. Бірақ, жаңа уағдаластыққа сәйкес Біріккен Корольдік парламенті брексит келісімі бойынша ортақ мәмілеге келіп жатса, ұйымнан аталған күнді күтпей-ақ шыға алады.

Хабар 24 телеарнасы