379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропа мен Африка шаруалары сүт импортына қарсы шықты

  • 59
Еуропа мен Африка шаруалары сүт импортына қарсы шықты

Еуропа мен Африка шаруалары бірлесіп, қарсылық шарасын ұйымдастырды.

Осылайша, олар Африканың кәрі құрлықпен арадағы сүт өнімдерінің саудасын реттеуге шақырды. Шерушілер Еуропалық кеңес ғимаратының алдына жиналды. Бұл шара одаққа мүше 28 елдің басшылары брекситті талқылауға бас қосқан тұста өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, еуропалық импорттың салдарынан африкалық сүт өндірушілер табыстан қағылуда. Жалпы 2016 жылдан бері Еуропалық одақ Африкаға импортталатын майлы сүт ұнтағын 24 процентке ұлғайтқан.

Хабар 24 телеарнасы