378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Boeing 737 MАХ апаттарының себебі ресми мойындалды

  • 202
Boeing 737 MАХ апаттарының себебі ресми мойындалды

Boeing басшылығы MАХ 737 ұшағының апатқа ұшырауына әуе кемесіндегі бағдарламалық жүйенің дұрыс жұмыс істемеуі себеп екенін ресми мойындады.

Мұндай мәлімдемені компания президенті Деннис Мюиленбург өз бейнежолдауында жасады. Оның айтуынша, қазір бірлестік жүйеге өзгерістер енгізумен айналысып жатыр. Ал Эфиопиядағы ұшақ кезінде қаза тапқан бір канадалық азаматтың отбасы компаниядан 50 миллион доллар өтемақы төлеуді талап етіп, сотқа шағымданды. Тағы 15 жанұя шағым түсіруге дайындалып жатыр.

Еске сала кетейік, наурыздың 10-ы күні Эфиопияда Boeing 737 MАХ ұшағы апатқа ұшырап, 157 адам қаза тапқан. Тергеу барысында оның былтыр қазан айында Индонезиядағы апатпен ұқсастығы анықталған болатын. 

Хабар 24 телеарнасы