379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливияда қақтығыс салдарынан қаза тапқандардың саны артты

  • 97
Ливияда қақтығыс салдарынан қаза тапқандардың саны артты DW

Ливия астанасы Триполиде жауласқан күштердің қақтығысы салдарынан қаза тапқандардың саны 60-қа жуықтады.

Атыс шабыс кесірінен бір аптада 56 тұрғын баспаналарын тастап, өзге жерге кетуге мәжбүр болды. Одан бөлек Ливия ұлттық әскерінің 200 жасағы кепілге алынды. БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш аймақтағы қақтығысты шұғыл тоқтату керек деп алаңдаушылық білдіріп отыр. Ал жуырда Ливиядағы жағдайға байланысты үлкен жетілік тараптарды әскери қимылдарды тоқтатуға шақырған болатын. Бірақ Хафтар бұған дейін БҰҰ-ның келіссөз жүргізу туралы ұсынысынан бас тартқан. 

Хабар 24 телеарнасы