379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вашингтондағы Ақ үй маңында оқыс оқиға болды

  • 127
Вашингтондағы Ақ үй маңында оқыс оқиға болды

АҚШ-та арбаға таңылған мүгедек Ақ үйдің солтүстік жағындағы алаңға барып, өзін жағып жіберуге талпынды.

Жарымжан жан үстіндегі күртешесіне от қойған. Оның әрекетін Ақ үй қауіпісіздік қызметкерлері байқап, отты сөндірді. Мүгедекке дәрігерлік көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өміріне ешқандай қауіп жоқ екенін айтады. Ал кемтар жанның мұндай әрекетке неге барғаны әлі белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы