377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Киевте халықаралық Solar-2019 көрмесі өтті

  • 88
  • UPD: 19:40, 13.04.2019

Күн мен желдің мүмкіндігін молынан пайдаланудың сан түрлі тәсілі Киевте өткен халықаралық Solar көрмесінде таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іс-шарада айтылған бастама көп. Жиналғандар әсіресе, жаз айларында күн сәулесін тиімді қолданудың жолдарын қызу талқылады. Қазақстаннан көрмеге елуден астам делегат барып қатысты.

Орталық және Шығыс Еуропаның баламалы қуат көздеріне арналған ірі индустриялдық іс-шарасына әлемнің 20 елінен 200-ден астам компания қатысты. Биыл жұрт назарын өзіне немістің жоғары сапалық күн коллекторы аударды. XXI ғасырдың тамаша туындысы деп бағаланатын құрылғының ерекшелігі - күн сәулесінен алынған қуат жылы және ыстық суға қажеттілікті өтей алады, өндірістік компанияларға аса қажет салқындату жүйесімен жабдықталған.

Али Шейбун, Күн коллекторы компаниясының сату бөлімі бойынша жетекшісі

- Күн коллекторын өндіретін Германия компаниясы жылына 80 мың шаршы шақырым коллекторды жасап шығарады. Біз Оңтүстік Африка, Дубай, Америка елдеріне экспорттаймыз. Күн коллекторының әлемдік сұранысы артып келе жатыр. Өйткені экологиялық таза өнімнің пайдасы мол, атап айтқанд, күннен біз 100 градусқа дейін қызатын ыстық суды өндіре аламыз. Бұл жылыту маусымында үйлерді және алып бассейндерді қыздыру үшін қолданылады, ал салқындату жүйесі нан, сүт өндіретін зауыттарға аса қажет.

Биылғы көрмеде «жасыл» жобаларды тұрмыста қолданудың қарапайым тәсілдері кеңінен көрсетілді. Мәселен, мына кішігірім прожектор күн тақтасынан үздіксіз қуат алып, түнімен жарықты тегін бере алады. Бағасы 22 доллар ғана, бірақ үнем мен тиімділігі ұшан-теңіз.

Роман Выонг, «жасыл» энергетика жобасының маманы:

- Жаз, көктем, күз айлары жылуды молынан пайдаланатын мезгіл екенін білеміз. Мұндай кішігірім прожекторды кабель тартылмайтын жерге қолдану өте тиімді және технологияның бұл түрі жылдан жылға қолжетімді бола бастаған. Өйткені нарықта бәсекелестік артып келеді.

Биылғы Solar көрмесіне Қазақстаннан 50-ден астам делегат келіп қатысқан, олар Украина кәсіпкерлері және әлем елдері ұсынған «жасыл» технологиялармен да кеңінен танысып, жобаны бірігіп жасаудың жолдарын пысықтады.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Сергей Качанов

Хабар 24 телеарнасы