379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Судан халқы билікті қолға алған әскерилерге қарсы шеруге шықты

  • 93
  • UPD: 09:16, 14.04.2019
Судан халқы билікті қолға алған әскерилерге қарсы шеруге шықты

Суданда президент Омар Аль Башир биліктен кеткенімен шерушілер наразылық шарасын жалғастыруда.

Халық енді елде төңкеріс жасап, билікті қолына алған әскерилерге қарсылық білдіруде. Олар мемлекетте азаматтық үкімет құруды талап етуде. БҰҰ мұның соңы қантөгіске әкелуі мүмкін деп, тараптарды ұстамды болуға шақырды. Еске сала кетейік, Суданда толқулар 4 ай бұрын азық-түлік пен жанармай бағасының қымбаттауына қарсы шерулерден басталған. Бірақ халық бара-бара мемлекетті 30 жылдай басқарған президент Омар әл-Баширдің биліктен кетуін талап етті. Ал өткен бейсенбі күні әскерилер төңкеріс жасап, елдегі билікті қолына алды.

Хабар 24 телеарнасы