379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ АҚШ тауарларына баж салығын салады

  • 101
  • UPD: 10:35, 14.04.2019
Еуроодақ АҚШ тауарларына баж салығын салады

Еуроодақ америкалық тауарларға құны 10 миллиард еуроға тең баж салығын салуды қарастырып жатыр.

Бұл туралы «Блумберг» агенттігі хабарлады. Шара Вашингтонның еуропалық өнімдерге кедендік салық енгізу туралы жоспарына қарсы жауап болмақ. Бірақ алдымен Еурокомиссияның жасаған тізімін Одаққа мүше елдер бекітуі тиіс. Айта кетейік, президент Дональд Трамп өткен сейсенбі күні Еуроодақтың «Эйрбас» компаниясын субсидиялағаны үшін ортақ аймақтан импортталатын тауарларға баж салығын салатынын мәлімдеген. Оның жалпы құны 11 миллиард долларға тең. Ал АҚШ-тың ЕуроОдақпен келіссөз жүргізушісі Роберт Лайтхайзер алым алынатын еуропалық тауарлардың тізімін жариялады.

Хабар 24 телеарнасы