379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Техаста құйын салдарынан екі бала қаза тапты

  • 74
  • UPD: 15:34, 14.04.2019

Техас штатындағы Франклин шағын қалашығында болған алапат құйын салдарынан екі бала қаза тапты және ондаған адам зардап шекті.

Бұл туралы Associated Press хабарлады.

Бұдан бұрын AccuWeather консультативтік компаниясының ақпараттық қызметі табиғи апаттан бірнеше адам. Агенттіктің дерегіне сәйкес, зардап шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілген. Олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Торнадоның өзге де құрбандарына оқиға орнында көмек көрсетілді. Сондай-ақ Сан-Антонио қаласының (Техас штаты) солтүстігіне ірі бұршақ жауған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Даллас қаласы Лав әуе айлағында және Даллас халықаралық әуежайы Форт-Уэртте әуе рейстері тоқтатылды.

Хабар 24 телеарнасы