389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі ең алып ұшақ алғаш рет әуеге көтерілді

  • 637
  • UPD: 12:29, 14.04.2019
Әлемдегі ең алып ұшақ алғаш рет әуеге көтерілді

Алты қозғалтқышы, екі фюзеляжы бар «Stratolaunch» атты әлемдегі ең үлкен ұшақ АҚШ-тың Калифорния штатындағы Мохаве шөлінде алғаш рет көкке көтерілді.

Салмағы 227 тонна, ал қанаттарының ұзындығы 117 метр болатын әуе көлігі 2,5 сағаттай самғады. Ұшақ сағатына 304 шақырым жылдамдықпен бес шақырым биіктікке көтерілді. Сонымен қатар, бірнеше маневр жасады. Stratolaunch орбитаға ғарыш апппаратарын жеткізуге арналған. Тасығыш зымыран екі фюзеляж арасындағы орынға бекітіледі. Бұған дейін әуеге көтерілген әлемнің ең ауыр ұшағы Ан-225 «Мрия» болатын.

Хабар 24 телеарнасы