378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда сары жейдеділер қайта шеруге шықты

  • 106
  • UPD: 17:41, 14.04.2019
Францияда сары жейдеділер қайта шеруге шықты

Тулуз қаласында наразылық акциясы әдеттегідей полициямен қақтығысқа ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Капитолия алаңына жиналғандарды тарату үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ бен су атқыштар қолданған. Франция ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, осы жолғы жаппай шеруге ел бойынша 31 мың адам қатысқан. Оның 5 мыңы Париж қаласында. Тәртіпсіздікке қатысы бар ондаған адам қамауға алынды.

Естеріңізге салайық, сары жейделілердің жаппай бас көтеруі өткен жылдың қараша айында басталған еді. Шерушілер елдегі тарифтер мен жанармай бағасының қымбаттауына наразы.

Хабар 24 телеарнасы