377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ким Чен Ын КХДР мемлекеттік кеңесінің басшысы болып қайта сайланды

  • 131
  • UPD: 22:14, 14.04.2019
Ким Чен Ын КХДР мемлекеттік кеңесінің басшысы болып қайта сайланды

Пхеньянда халық Ким Чен Ынның Корей Халық демократиялық республикасының мемлекеттік кеңесінің басшысы болып қайта сайланғанын атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты шеруге мыңдаған адам қатысты. Жиналғандардың алдында Жоғарғы халық жиналысы президиумының төрағасы Цой Рен Хэ құттықтау сөзін айтты.

Айта кеткен жөн, Ким Чен Ын Мемлекеттік кеңес басшысынан бөлек, корей халқының жоғарғы өкілі деген мәртебеге қоса ие болды.

Хабар 24 телеарнасы