376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Палестинаның жаңа үкіметі ант берді

  • 87
  • UPD: 23:04, 14.04.2019
Палестинаның жаңа үкіметі ант берді

Палестинаның жаңа үкіметі халыққа ант берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді министрлер кабинетін ел президенті Махмуд Аббастың серіктесі, ФАТХ қозғалысының көшбасшысы Мухаммед Штайя басқарады. Жаңадан құрылған үкіметтің әзірше 22 мүшесі бар. Ішкі істер және Діни мәселелер жөніндегі министрлер әлі тағайындалған жоқ. Жаңа кабинет тек Иордан өзенінің батысында ғана өз билігін жүргізе алады. Ал Газа секторындағы ХАМАС қозғалысы жаңадан құрылған үкіметті сепаратистік деп танып, оны мойындаудан бас тартты.

Хабар 24 телеарнасы