384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мозамбик гуманитарлық апат алдында тұр

  • 353
  • UPD: 08:51, 15.04.2019

Идай дауылынан есеңгіреп қалған Мозамбик халқы гуманитарлық апат алдында тұр.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, долы дауыл 700 мың гектар жер телімін жарамсыз етті. Салдарынан мыңдаған халық аш құрсақ жүр. Оған қоса, түрлі аурулар да тез таралуда. Жуырда БҰҰ 966 мың адамға гуманитарлық көмек жеткізілгенін хабарлады. Алайда құтқарушылар әлі де жете алмай жатқан аудандар бар. Жергілікті билік мыңдаған адамның өміріне қауіп төніп тұр деп алаңдаушылық білдіріп отыр. Естеріңізге салайық, соңғы рет елде ойран салған Идай дауылынан 900-ге жуық адам опат болды.

Хабар 24 телеарнасы