379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливия жағалауында 64 мигрант құтқарылды

  • 63
Ливия жағалауында 64 мигрант құтқарылды Islam-today

Теңізде өлім аузынан аман қалған 64 мигрантты Мальта билігі қабылдады.

Заңсыз кірмелер 3 сәуір күні Ливияның жағалауында құтқарылды. Алайда Еуропаға табан тірей алмай, 10 күн бой ашық теңізде болды. Енді келімсектердің кемесі Валетта қаласының портында тоқтады. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оларды Германия, Франция, Португалия мен Люксембург бөліп алмақ. Бұл туралы Мальтаның премьер-министрі Джозеф Мускат хабарлады. Миграция бойынша халықаралық ұйымның мәліметіне сәйкес, биыл Еуропаға өтпек болған 356 мигрант Жерорта теңізінде апатқа ұшырап қаза тапты.

Хабар 24 телеарнасы