379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде жастардың 65 миллионы жұмыссыз

  • 313
Әлемде жастардың 65 миллионы жұмыссыз

Әлем бойынша жастардың 65 млн-ы екі қолға бір күрек таба алмай жүр, ал 600 млн-нан астамының негізгі білімі жоқ.

БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш Нью-Йоркте өткен жастар форумының жабылу салтанатында осындай мәлімдеме жасады.

Осылайша, Антониу Гутерриш әлем елдерінің басшыларын жастар мәселесіне аса көңіл бөлуін сұрады. Мәселен, бүгінгі таңда олар климаттың өзгеруі, қарулы-қақтығыс пен жұмыссыздық сияқты көптеген қиыншылыққа тап болуда. Форум қатысушылары білімге құйылған инвестицияға ерекше мән беру керек екенін айтты. Сонымен қатар жастарды жаһандық мәселелерді шешуге тарту керек деген ұсыныс жасалды. БҰҰ Бас Ассамблеясының президенті Мария Фернанда Эспиноса Гарсес арнамыздың тілшілеріне берген сұхбатында жыл сайын осы ұйымның басшылығымен өтетін жастар форумында Қазақстаннан келген делегаттар да бар екенін айтты.

Мария Фернанда Эспиноса Гарсес, БҰҰ бас ассамблеясының президенті:

– Әлем елдерінен жиналған мыңнан астам жастардың бұл форумға белсенді қатысқанын көрдім. Мен БҰҰ Бас Ассамблеясының президенті ретінде мақсаты айқын жас буынды көргеніме өте қуаныштымын.

Хабар 24 телеарнасы