379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда құлаған үйдің астынан адамдар әлі іздестірілуде

  • 74
  • UPD: 12:30, 15.04.2019
Бразилияда құлаған үйдің астынан адамдар әлі іздестірілуде

Рио-де-Жанейрода қираған екі көп қабатты тұрғын үйдің астынан адамдар әлі де іздестіріліп жатыр.

Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқандардың саны 8 адамға өсті. Әлі 16 тұрғынның өмірі беймәлім. Құтқарушылар үйінділер астында аман қалғандар бар болуы мүмкін деп отыр. Жергілікті билік апат орын алған аймақтан тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Өйткені тасқын салдарынан жақын маңдағы өзге де ғимараттардың опырылу қаупі тұр. Мамандар соңғы бірнеше күнде бір айда жауатын жауын-шашынның мөлшері жауғанын айтады. Тасқыннан көбінесе Рио-де-Жанейро мен Сан-Паулу қалалары ең көп зардап шекті. Аймақта төтенше жағдай жарияланды. Мектептердің барлығы өз жұмысын тоқтатты. Құтқарушылар күні түні тынымсыз жұмыс істеуде.

Хабар 24 телеарнасы