376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сомалиде содырларға әуеден соққы жасалды 

  • 91
Сомалиде содырларға әуеден соққы жасалды  Life.ru

Сомалиде әуе шабуылынан «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» басшысы Абдихаким Дхокоб қаза тапты.

Атыс-шабыс елдің солтүстік шығысындағы Бари қаласында орын алды. Белгілі болғандай, жарылған автокөлікте тағы бірнеше содыр отырған. Алайда олардың нақты саны белгісіз. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Абдихаким Дхокоб атышулы «Аш-Шабаб» ұйымының мүшесі болған, кейін Бари провинциясының таулы аймағын өз бақылауында ұстайтын «Ирак және Левант лаңкестік ұйымына» өткен.

Хабар 24 телеарнасы