376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Боинг 737 Макс» ұшағының әуеге көтерілуін шектеу мерзімі ұзартылды

  • 116
  • UPD: 16:36, 15.04.2019
«Боинг 737 Макс» ұшағының әуеге көтерілуін шектеу мерзімі ұзартылды

American Airlines «Боинг 737 Макс» ұшағының көкке көтерілуіне қатысты шектеудің мерзімін ұзартты.

Яғни әуе компаниясы өздеріне тиесілі осы маркалы 24 ұшақтың ұшырылымын 19 тамызға дейін тоқтатып тастады. Салдарынан америкалық компания күніне 115 рейсті кейінге қалдыруға мәжбүр. Бұл АҚШ-тағы күнделікті рейстердің 1,5 проценті тоқтатылды деген сөз. Аталмыш мәлімдеме American Airlines компаниясының ресми сайтында кеше жарияланды. Айта кетейік, «Боинг 737 Макс» ұшағы Индонезия мен Эфиопиядағы апаттардан соң «қара тізімге» енген болатын. Жантүршігерлік екі апаттың салдарынан 346 адам ажал құшқан еді.

Хабар 24 телеарнасы