379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Помпео Мадуроға тағы ескерту жасады

  • 97
  • UPD: 18:11, 15.04.2019
Помпео Мадуроға тағы ескерту жасады

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Венесуэла президенті Николас Мадуроға тағы да ескерту жасады.

Ол мемлекет басшысынан шекараны ашып, елге гуманитарлық көмек кіргізуді талап етті. Помпео бұл мәлімдемені Колумбияның Кукута қаласына жасаған сапарында айтты. Оның сөзінше Вашингтон мен Богота венесуэлалықтарға көмек көрсету үшін барлық саяси және экономикалық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сондай-ақ Бразилия мен АҚШ Куба, Ресей және Қытайдан Венесуэланың қазіргі президенті Николас Мадуроға қолдау көрсетпеуге шақырды.

Майк Помпео, АҚШ Мемлекеттік хатшысы:

- Мадуро мырза, шекара мен ондағы көпірлерді ашыңыз. Халықты ойласаңыз осындай қадамға баруыңыз керек. Себебі венесуэлалықтар қайғыдан қан жұтып отыр. Ішерге ас жоқ. Дәрі-дәрмектің жайы тағы бар. Бұл әділетсіздікке нүкте қою керек.

Хабар 24 телеарнасы