379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Манас» эпосы латын әліпбиінде басып шығарылды

  • 108
  • UPD: 23:04, 15.04.2019

Жаңа басылым Халықаралық түркі академиясының қолдауымен жарық көрген. Кітаптың тұсаукесері Бішкек университетінде өтті.

Жаңадан басылып шыққан Манас эпосы әдебиетші Медер Мергенбаевтың қолжазбалары негізінде әзірленді. Белігілі манасшы болған ол әлемдегі ең ауқымды ауыз әдебиеті туындысын жан жақты зерттеген болатын. Өткен ғасырдың басында зерттеулерін жүргізген Мергенбаев қолжазбаларының көбісі соңғы 40 жыл бойы Бішкек гуманитарлық университетінде сақталған. Әдебиетші еңбектерінің әзірше бірінші томы жарық көрді. 

Мұса Абдылдаев, Бішкек гуманитарлық университетінің ректоры:

-Тағы да бес томы өз кезегін күтіп отыр. Әрине олар зерттеушілеріміздің үлкен қызуғышылығын тударытыны сөзсіз. Бүгінгі тұсаукесерді ерекше оқиға деп санаймын.

Медер Мергенбаевтың еңбектерін басып шығаруға Халықаралық түркі академиясы көмек берді. Мәдени және әдеби тұрғыдан Манас эпосы түркі әлемінің қазынасы саналғандықтан кітапты 100 дана тиражбен басып шығару ұйғарылған.

Дархан Қыдырали, халықаралық түркі академиясының ректоры:

- Медер Мергенбаев еңбектерінің көбісін жариялағанын білеміз. Ең алдымен араб тілінде басып шығарған, өйткені өткен ғасырдың басында бұл ғылыми ортаға білім таратудың жалғыз жолы болған. Кейін кітаптары кирил әліпбиінде де жарық көрген. Енді біздің арқамызда шығармалары латын қарпінде шығып отыр. 

Ғалымдардың айтуынша, бұл осы әдебиеттің кеңінен зерттелуіне жол ашады. Сонымен қатар, университет студенттері осы кітаптардың көмегімен эпосты зерттеумен қатар, латын әліпбиін де меңгере алады.

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы