377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде Нотр-Дам ғимаратындағы алапат өрт сөндірілді

  • 191
  • UPD: 09:03, 16.04.2019
Парижде Нотр-Дам ғимаратындағы алапат өрт сөндірілді ria.ru

Франция астанасы Парижде әйгілі Нотр-Дам ғимараты өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір мамандар тілсіз жауды толығымен ауыздықтай алды. Өрттің шығуына не себеп болғаны әлі белгісіз. Шіркеуде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Жергілікті БАҚ өкілдері отқа оранған ғимараттың орналасқан Сите аралындағы тұрғындар эвакуацияланғанын хабарлайды.

Айта кетейік, тарихи ғимарат XIII ғасырда тұрғызылған. Франция символына айналған шіркеуді көруге әлемнің түкпір-түкпірінен жылына шамамен 13 миллионға жуық турист жиналатын.

Хабар 24 телеарнасы