388,70 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливиядағы қарулы қақтығыс салдарынан қаза тапқандар саны 147-ге жетті

  • 443
  • UPD: 08:12, 16.04.2019
Ливиядағы қарулы қақтығыс салдарынан қаза тапқандар саны 147-ге жетті

Тағы 600-ден астам адам жарақаттанған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, өңірдегі әскери шиеленіс аяқталмаса, соңы түрлі эпидемиялардың өршуіне әкеліп соғуы мүмкін. Себебі соғыс кезінде тұрғындар таза ауыз суынан және дәрі-дәрмектен қағылады.

Айта кетейік, Ливияда билікке талас жалғасып жатыр. Елдің шығысын парламент пен Ливи Ұлттық әскері басқарады. Ал батыс БҰҰ және ЕО қолдауымен құрылған Фаиз Сарадждың ұлттық келісімі бақылауында. Ливиядағы жағдай 4 сәуір күні ушыға түсті. Ливия Ұлттық әскерінің қолбасшысы Халифа Хафтар өз әскеріне Триполиді басып алу бұйрығын берген. Сарадж болса, ел астанасын қалайда қорғап қалуға тырысып жатыр. Қазір Триполи маңында қым-қуыт соғыс жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы