389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильдің жаңа премьер-министрінің есімі 17 сәуір күні белгілі болады

  • 412
  • UPD: 09:32, 16.04.2019
Израильдің жаңа премьер-министрінің есімі 17 сәуір күні белгілі болады

Израиль президенті Реувен Ривлин Кнессетке өткен партиялармен елдің келесі премьерін таңдау бойынша кеңесуді бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл лауазымға қазіргі үкіметтің басшысы Биньямин Нетаньяху жалғыз үміткер. Екі күндік кездесулер жиынын Ривлин Нетаньяхудың «Ликуд» партиясымен басқосудан бастады. Парламенттік сайлауда дәл осы партия Кнесеттегі 120 мандаттың 36-сын жеңіп алған болатын. Жалпы электоральды кедергіден өткен 11 партияның әр қайсысы президентпен 45 минуттық кездесу соңында премьер лауазымына кімді ұсынатындарын айтуы керек. Кеңесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы ел премьерін таңдап, оған жаңа үкіметті құру қызметі тапсырылатын болады. Израильдің жаңа премьер-министрінің есімі 17 сәуір күні белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы