379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ басшылары: Нотр-Дам де Пари - бүкіл адамзаттың мұрасы

  • 82
  • UPD: 09:46, 16.04.2019
Еуроодақ басшылары: Нотр-Дам де Пари - бүкіл адамзаттың мұрасы belsat.eu

Еуроодақ басшылары Париждегі танымал Нотр-Дам де Пари шіркеуіндегі өртке байланысты француз халқына көңіл айтып, қолдауын білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер қайғылы оқиғаға байланысты Еуропарламенттің пленарлық жиналысында арнайы мәлімдеме жарияласа, Еурокеңес төрағасы Твиттердегі парақшасында өз көңілін білдірді.

Жан-Клод Юнкер, Еурокомиссия президенті:

Нотр-Дам де Пари - бүкіл адамзаттың мұрасы. Ол дүниежүзінің қаншама жазушысын, суретшісін, философын және көруге келген адамдарды шабыттандырды. Өзекті өртеген оқиға. Мен француз халқының қайғысына ортақпын. Бұл біздің де қабырғамызды қайыстырады.

Дональд Туск, Еурокеңес төрағасы:

- Нотр-Дам де Пари - бұл бүкіл Еуропаның шіркеуі. Біздер, бәріміз Парижбен біргеміз.

Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Парижде әйгілі Нотр-Дам ғимараты өртенді.

Тарихи ғимарат XIII ғасырда тұрғызылған. Франция символына айналған шіркеуді көруге әлемнің түкпір-түкпірінен жылына шамамен 13 миллионға жуық турист жиналатын.

Хабар 24 телеарнасы