377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нотр-Дам шіркеуіндегі өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

  • 136
  • UPD: 13:41, 16.04.2019
Нотр-Дам шіркеуіндегі өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды Argumentua.life

Парижде Нотр-Дам шіркеуіндегі өрт толығымен сөндірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар қызыл жалынмен 8 сағаттан астам уақыт күресті. Париж прокуратурасы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады. Жөндеу жұмысындағы барлық құрылысшылар тергеліп жатыр. Ел президенті  Эммануэль Макрон шіркеудің толығымен қалпына келтірілетінін айтты. Сарапшылардың айтуынша, жөндеу жұмыстарына 5 жылдан астам уақыт кетеді.

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

Біздің тарихымыз әрі келешегіміз секілденген Нотр-Дамның отқа орануы қабырғаны қайыстырады. Қызыл жалынмен күресуге жұмылған 500-ге жуық өрт сөндіруші бірнеше сағат бойы арпалысты. Бұл оқиға барлық католиктер мен бүкіл француздар үшін орны толмас өкінішке айналғаны анық. Шіркеуді қалпына келтіру үшін бар күшімізді салатынымызға уәде беремін. Ертеңнен бастап қаржы жинау жұмыстары басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Парижде әйгілі Нотр-Дам ғимараты жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат жеті кезінде өртене бастаған.

Тарихи ғимарат XIII ғасырда тұрғызылған. Франция символына айналған шіркеуді көруге әлемнің түкпір-түкпірінен жылына шамамен 13 миллионға жуық турист жиналатын.


Хабар 24 телеарнасы