376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливияда Сарадж үкіметі қақтығысты тоқтатуға шақырды

  • 94
  • UPD: 14:19, 16.04.2019
Ливияда Сарадж үкіметі қақтығысты тоқтатуға шақырды

Ливияда Фаиз Сарадж үкіметі генерал Халифа Хафтарды қарулы қақтығысты тоқтатып, келіссөз жүргізуге шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ішкі істер министрі Фатхи Башаганың мәлімдеуінше, әскери қимылдардан бейбіт халық көп зардап шегуде. Әзірге Хафтардың қалай жауап бергені белгісіз. Бірақ бұған дейін ол елдегі лаңкестікті жойымайынша, жорықты тоқтатпайтынын айтқан.

Еске сала кетейік, 4 сәуір күні генерал Халифа Хафтар Триполидегі Сарадж үкіметіне қарсы шабуылды бастады. Қазірге дейін 150-ге жуық адам қаза тауып, 500-ге жуық тұрғын жарақат алған. 18 мыңнан астам адам баспаналарын тастап кетті. Шаһар маңындағы шайқас әлі жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы