379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йорктегі әйгілі Челси базарын жыл сайын миллиондаған турист тамашалайды

  • 61
  • UPD: 14:29, 16.04.2019
Нью-Йорктегі әйгілі Челси базарын жыл сайын миллиондаған турист тамашалайды

Нью-Йорктегі Челси нарығы қаланың басты көрікті жерлерінің бірі.

Ол Төменгі Манхэттенде Гудзон жағалауында бос қалған теміржолдар мен зауыттар, түрлі шеберханалардың орнында пайда болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

1890 жылы бұл жерде ең тәтті тоқаштар да пісірілген. Себебі тәтті нандар дайындау жөніндегі ұлттық компания ет сататын ауданмен жапсарлас тұрған еді. Ал қазір Челси базарынан жеміс-жидек, көкөніс, теңізден жаңа жеткізілген балықтарды сатып алып, түрлі елдің асынан дәм тата аласыз. Ғимаратта Google және YouTube сынды алып компаниялардың кеңселері де бар. Ал бірегей нарықты жыл сайын миллиондаған саяхатшы барып тамашалайды.

Мартин, Нью-Йорк тұрғыны:

- Челси нарығының пайда болғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Кезінде қылмыс әлемімен көршілес орналасқан әрі жеңіл жүрістілер жолындағы базарға көп ешкім жоламайтын. Ет өңдейтін зауыт тауары осында түсіп, бүкіл Америкаға тарататын. Қазір бұл сауда орталығы қарапайым адамдардың қолы жете бермейтін ең қымбат базар болып қалыптасты.

Хабар 24 телеарнасы