376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО елдері АҚШ-пен сауда келіссөздер бастауды қолдады

  • 66
  • UPD: 14:36, 16.04.2019
ЕО елдері АҚШ-пен сауда келіссөздер бастауды қолдады

Еуроодақ елдері АҚШ-пен сауда келіссөздер бастауды қолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Франция қарсы болғандықтан, бірнеше ай бойы шегеріліп жүрген. Бүгін де бұл ел қарсы дауыс беріп, Бельгия қалыс қалғанымен, Еурокомиссия екі бағыт бойынша келіссөз жүргізуді шешкен. Бұл өндірістік тауарлар тарифтерін елеулі азайту және қос тарап өндірушілерінің стандарттарын үйлестіру.

Еске сала кетейік, Дональд Трамп Еуроодақтың Airbus компаниясына субсидия бөлуіне жауап ретінде еуропалық тауарларға баж салықтары енгізілетіні туралы хабарлаған еді. Осы мәлімдемесі оның Твиттер парақшасында жарияланған болатын. Онда бұл шара Еуропа елдерінен әкелінетін 11 миллиард доллар мөлшеріндегі тауарларға қатысты болатыны жазылған.

Сесилия Мальстрем, Еуроодақтың сауда бойынша комиссары:

- Экономикалық талдау өндірістік тауарларға баж салықтарын азайту келісімі Еуроодақтан АҚШ-қа экспорт мөлшерінің 8% артуына, ал АҚШ-тан Еуроодаққа экспорттың 9% өсуіне әкелетінін көрсетті. Әрине, ауыл шаруашылығы мұндай келісөздерде талқыға салынбайды. Бұл Еуропа үшін қызыл жалаумен іспеттес. АҚШ пен Еуроодақ басшылары Вашингтонда соңғы рет кездескенде бұл саланы келіссөздерден толық шығаратынын айқындаған.

Хабар 24 телеарнасы