377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильдік ғалымдар 3D жүрек басып шығарды

  • 173
  • UPD: 16:19, 16.04.2019
Израильдік ғалымдар 3D жүрек басып шығарды

Израильдік ғалымдар әлемде алғашқылардың бірі болып 3D форматында жүрек басып шығарды.

Бұл туралы Тель-Авив университетінің баспасөз-қызметі хабарлады. Ғалымдардың айтуынша, 3D форматындағы соғып тұрған тірі мүше адамның жасушасынан арнайы принтер арқылы басып шығарылған. Оған үш жарым сағат уақыт жұмсалған. Жүректің пішіні екі жарым сантиметрді құрайды. Эксперимент аясында басып шығарылған бірнеше жүректі жануарларға орналастыру көзделіп отыр. Сынақ сәтті өткен жағдайда алдағы он жыл аясында адамға арналған жүректі басып шығару жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы